Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мүсілім Әмзе «Құрмет» орденімен марапатталды

31.10.2023, 16:05 180

Бүгін Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің директоры, облыстық симфония оркестрінің жетекшісі Мүсілім Әмзеге ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінен келген «Құрмет» ордені табысталды.

Мүсілім Балтабайұлын марапатымен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!

Мүсілім Әмзе – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Мәлік Жаппасбаевтың музыка мұрасы» оқу құралының және көптеген ғылыми мақаланың авторы, шығармашылық байқаулардың жеңімпазы. Биылдан бастап облыстық симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері.

Еске салсақ, Қызылорда облысының 85 жылдығына орай өңірде тұңғыш рет симфония оркестрі құрылды. Өнер ұжымының құрамында ішекті, үрмелі, ұрмалы аспаптарды жетік меңгерген 50 кәсіби музыкант бар.
Марапат құтты болсын!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: