Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мәжіліс отырысы өтті

01.02.2024, 14:45 263

Кеше басқарма басшысы М.Қазбекованың төрағалығымен «Адал адам» мәдени-тәрбие беру орталығы» тұжырымдамасы бойынша мәжіліс өтті. Оған қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, қалалық, аудандық мәдениет және спорт бөлімдерінің басшылары, басқарманың жауапты қызметкерлері қатысты.

Басқарма басшысы мәжілісте жобаның мақсаты мен бағыт-бағдарына және алдағы атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

– «Адал адам» мәдени-тәрбие беру орталығы облыс мәдениет үйлері мен клубтардың жанында жоба ретінде жүзеге асатын болады. Тұжырымдаманың мақсаты – елді мекендердегі халықтың мәдениет нысандарына қолжетімділігін арттыру, балалар мен жасөспірімдерді мәдени тәрбиемен қамту, олардың бос уақыттарында шығармашылық үйірмелермен айналысуына жағдай жасау. Жобада «Кино-тайм», «Әлем BOOK» , «ART уақыт», «Жанұя шуағы», Еріктілер тобы, Сыр сұхбат, Креативті хаб және арнайы мамандардың қатысуымен медиация, кеңес беру бағыттары қарастырылады, – деді Мира Жомартқызы.

Жиын отырысын қорытындылаған басқарма басшысы жобаға жауапты мамандарға бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде елді мекендердегі ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарды «Адал адам» мәдени-тәрбие беру орталығы ретінде қайта жабдықтауды жүктеді. Сондай-ақ ауыл әкімдіктері шығармашылық үйірмелер мен спорттық секцияларға, қоғамдық шараларға қатыспайтын балалардың тізімін жасақтап, олардың ата-аналарымен адрестік жұмыстар жүргізіп, ведомствоаралық байланыс орнату қажеттігін ескертті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: