Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мәдениет үйінің құрылысы қарқынды

23.02.2024, 10:20 165

HALYQLINE.KZ

Қазалы ауданынан жүз шақырым жерде жатқан Кәукей ауылы – қазақылықтан қаймағы ажырамаған, ырыс пен берекесі келісті мекен. Бүгінде ауылда мектеп, мектеп жанынан ашылған 50 орындық балабақша, амбулатория секілді халыққа қызмет ететін әлеуметтік нысандар бар.

Бірнеше жыл бұр ауылдың орталықтан шалғай жатқанына қарамасатан аудан басшылығының қолдауымен мәдениет үйінің құрылысы басталған болатын. Бүгінде ажары келісті, көптің қуанышына айналғалы тұрған 100 орындық мәдениет үйінің де құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.

– Бұл мәдениет үйін ауыл халқы көптен сұрап, армандап жүрген болатын. Мемлекет басшысының жергілікті жерлердегі ауыл халқының өмірін жақсарту мақсатында шалғай ауылдарға жасап жатқан қолдауының негізінде мәдениет үйі салынуда. Бұған қоса биыл Сыр өңірінде «Руханият» жылы болып жарияланды. Ежелден руханияттан, ән мен жырдан кіндігі ажырамаған Кәукей ауылының халқына да бұл ерекше тарту болмақ. Барлық жұмысы бітіп, ішіне заманауи үлгідегі жиһаздар да әкелінуде. Келешек бұл нысанның ішінде ауыл кітапханасы да орналасады. Бүгіннің өзінде кітапхана сөрелері жетті. Тапсырыс беруші – Қазалы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы мекемесі, – дейді Қызылқұм ауылдық округінің әкімі Оңталап Мүсілім.

Ауыл әкімінің айтуынша, аталмыш ғимаратта көрермен залынан бөлек, артистер, санитарлық, қойма, гардероб секілді бірнеше керекті бөлмелер қарастырылған.

Ал өз кезегінде аталмыш ғимаратты салып жатқан «SCS Инжиниринг» ЖШС мәдениет үйін диван, компьютер, теледидар секілді керекті жиһаздармен қамтамасыз етуді жауапкершілігіне алған.

Ж.Табынбаев,

Қазалы ауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: