Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кино – қоғам айнасы

22.12.2022, 9:40 505

Киноиндустрия – қоғамның болмысын сипаттайтын үлкен дүниетаным. Киноның халық үшін берер пайдасы орасан зор. Бірақ, бұл дегеніміз кез келген кинотуындыдан тәлім мен тағылымды бойымызға сіңіруге болады деген сөз емес. Кез келген дүниенің ащысы мен тұщысы, элитасы мен абсурды болады. Бір өкініштісі, көбіміз бірінші типті іш пыстырарлық санап, екінші типті шедеврге теңеп жатамыз. Айтқым келгені, қазіргі таңда комедия жанрындағы мардымсыз фильмдер мен сериалдар руханиятқа бай, мән-мағыналы дүниелердің алдын орап тұр. Әрине, менің комедия жанрына ешқандай талабым жоқ, мені тек қана тарихы тереңге жеткен жанрды бұрмалап, елімізді негативті көзқарастармен көрсететін, стеротипті киносериалдар қынжылтады. Заңға жат дүниелерге романтизация жасау, нақтырақ айтқанда нәсілшілдік пен ұлтшылдық, сонау коммунизм кезіндегі советтік идеялар, әйел мен еркек арасындағы теңсіздік, отбасы арасында болатын шектен тыс конфликттер, бәрі қарапайым халыққа ашық түрде көрсетілу үстінде. Аталған типтерді көріп өскен жасөспірімдердің жаппай деградацияға ұшырауына осы проблема түрткі болмасына кім кепіл?

Жалпы, елімізде сапалы әрі мағыналы фильмдер мен сериалдар некен-саяқ. Бұл фактіге реалистік көзқараспен қарағанымыз жөн. Азын-аулақ туындылардың санын неге толтырмасқа?! Әрине, бұл тарапта ой – субъективті. Менің бар қалайтыным – сапалы кинематография. Әр адам арпалысқан жұмыстан босаған сәтінде отандық фильмдерді тамашалай отырып, моральді тұрғыда дамыса деймін. Бәрі уақыттың еншісінде.

Қандай да бір фильмді немесе сериалды түсіру – үлкен жауапкершілік. Сол жауапкершілікке қазіргі кинорежиссерлер немқұрайды қарамаса деймін. Позитивті, жеңіл дүниелер психологиялық драмалар мен трагедияларға қарағанда көбірек танымалдылық жинайтыны қалыпты нәрсе. Нағыз тартымды кинофильмдер көрерменге ұмытылмас эмоция сыйлайды. Бірақ, көбіне фильмнің мағынасы емес сыртқы көрінісі маңыздырақ. Алдағы уақытта осы стеротиптің күші жойылып, көгілдір қорапқа тек қана мардымды туындылардың ұсынылатынына сенімім мол.

Айтілес  ЖАЙШЫЛЫҚ,

студент

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: