Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ержеңістің жеңісі

03.10.2022, 10:00 471

HALYQLINE.KZ  Қазалыда Қазақстанның және КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы, жерлесіміз Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар жалғасын табуда.

Жексенбі күні Әйтеке би кентіндегі Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде өткен Роза Тәжібайқызының мерейтойына арналған «Шығыстың бұлбұлы» атты республикалық ақындар айтысы көпшіліктің көңілінен табылды.

Айтысқа Павлодар, Шымкент, Қызылорда қаласы, Түркістан, Ақтөбе облысы және Қазалы, Арал, Қармақшы аудандарының ақындары қатысып, бағын сынады.

Айтыс додасын Қазалы ауданы әкімі Мұхтар Оразбаев құттықтау сөзбен ашып, ақындарға сәттілік тіледі.

Айтысты 3 дүркін «Алтын домбыра» аламанының жеңімпазы Мұхтар Ниязов  жүргізіп отырды.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда». Ойлы шумақ, ұтқыр сөздерімен көпшілікті баураған ақындар көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені аралдық Ержеңіс Әбдиев жеңіп алды. Жеңімпазға 700 мың теңге ақшалай сыйлық табысталды.

Бірінші орынға шымкенттік ақын Біржан Байтуов, Атырау қаласынан келген Фариза Жетпісбай мен қазалылық ақын Елнұр Нұрқасым екінші орынды, павлодарлық Рауан Қайдаров пен Түркістан облысынан келген ақын Дәурен Ақсақал үшінші орынды иеленді.

Өзге ақындар да жүлдесіз қалмай, ынталандыру сыйлықтары тапсырылды.

Жеңімпаз бен жүлдегер ақындарды Қазалы ауданы әкімі Мұхтар Оразбаев, әділқазылар алқасының төрағасы Әбілқайыр Сыздықов, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қаршыға Есімсейітова, айтыскер ақын Нұрмат Мансұров марапаттады.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: