Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Еңсесі биік Елорда

07.07.2023, 9:45 95

HALYQLINE.KZ

Астана күні – барша қазақстандық үшін мерейлі мереке. Бүгінде еліміздің жүрегі атанған Елорда – армандар орындалатын, зор мүмкіндіктерге қол жеткізетін қала.

Кеше Қызылорда қаласындағы Тұңғыш Президент саябағында еліміздің бас қаласы – Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған «Еңсесі биік елорда» атты мерекелік іс-шара өтті. Оған облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов қатысып, Сыр жұртшылығын мерейлі мерекемен құттықтады.

Игі іс-шараға жиналған қауым Астана қаласына қатысты қызықты сұрақтарға жауап беріп, белсене қатысты. Мереке одан әрі концертпен жалғасты.

Айта кетейік, Астана күніне орай қала және барлық ауданда мәдени-көпшілік іс-шаралар мен танымдық кездесулер өткізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: