Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Димаш – ең көп оқылған әнші (Фото)

23.11.2021, 12:15 568

HALYQLINE.KZ Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген америкалық NetBase Quid тәуелсіз зерттеу компаниясының талдауымен әлеуметтік желіде қараша айында ең көп оқылған әртістердің ондығына енді.

NetBase Quid интернеттегі тұтыну нарығын талдау мен бағалауға негізделген. Димаш Тревис Скоттан озып, тоғызыншы орында тұр. Әлеуметтік желілердегі танымалдық рейтингінде бірінші орында америкалық әнші Тейлор Свифт, екінші орында K-Pop тобының мүшесі BTS JIN, үшінші орында тағы бір оңтүстіккореялық әртіс Blackpink Лиза тұрды. Рейтингте сонымен қатар Адель, Джастин Бибер және Ариана Гранде бар.

Димаш Құдайберген Instagram парақшасында жанкүйерлеріне көрсеткен қолдаулары мен оған деген сүйіспеншілігі үшін алғысын білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: