Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бүгін – Димаш Құдайбергеннің туған күні

24.05.2023, 14:48 291

Димаш Қанатұлы Құдайберген 1994 жылы 24 мамыр күні Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Ата-анасы Қанат Құдайбергенұлы мен Светлана Айтбаева да өнер жолындағы кісілер.

Олар Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері атағын алған.

Димаш бес жасында музыкалық колледж сахнасында алғаш әнші ретінде  өнер көрсеткен. Алты жасында «Айналайын» республикалық байқауының «Фортепиано» номинациясында жеңімпаз атанған.

Еліміздегі бірнеше ән байқауларында өз бағын сынаған.

2015 жылы Беларусьтегі «Славян базары» өнер фестиваліне қатысып, танымал болды.

Аталған фестивальдан соң ол Қытайдың «Мен әншімін» жобасына қатысып, талантымен күллі әлемді мойындатты.

Димаш Құдайбергенов еліміздегі және шетелдердегі оқиғаларға байланысты өз ойын білдіріп жүретін өнерпаз.

Мына сілтемеде әлемдік әншінің соғыс тақырыбына арналған сөзі ұсынылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: