Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Биылдан бастап әншілерге фонограммамен ән айтуға тыйым салынды

06.01.2023, 11:30 441

HALYQLINE.KZ

Қырғызстанда 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап әншілерге мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық іс-шараларда фонограммамен ән айтуға тыйым салынды. Бұл туралы заңға 2022 жылдың 30 желтоқсаны күні Қырғызстанның мәдениет министрі Алтынбек Мақсұтов қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ kaktus.media сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, министрліктің қарамағындағы барлық мемлекеттік мәдени-ағарту мекемелерінде, (театрлар, спорт мекемелері, филармониялар, концерттік залдар, кинотеатрлар, клубтар, мұражайлар, кітапханалар) концерттік бағдарламаларда, мәдени-бұқаралық іс-шараларда өздерінің немесе жалға алынғандығына қарамастан вокалдық қойылымдар 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жанды дауыста орындалуы керек.

Сондай-ақ басылым мәліметінше, министр бұйрықтың орындалу жауапкершілігі әр мекеме басшылығына жүктелетінін айтып, бұйрықтың орындалуын жеке бақылайтынын ескерткен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: