Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақбаланың өнеріне таң қалған күйші

16.12.2022, 17:00 343

HALYQLINE.KZ Дәулеткерейдің аулына жақын жерде домбыра тарту шеберлігімен де, көріктілігімен де көзге түсіп, жақсы атағымен ел аузына ілінген Ақбала атты қыз бар екен. Аң аулап жүріп, сусындауға түскенде сұлу қыздың өнеріне таң қалады.

Ақбала бір Ноғайлының (Байұлы руының бір атасы) бұла өскен жалғыз қызы болса да, ата-баба жолынан аттап, әдепсіздік көрсете қойған жоқ. Бірақ өзін қашан да тәкаппар ұстайтын әдеті еді. Тіпті, көңілім жақын деп жүрген жігіттердің өзі жеме-жемге келгенде тайсақтап, қыз алдында тілі күрмеліп қала беретін. Ақбалаға Дәулеткерейдің жылы ұшырағаны – ол өзі «ежелден келе жатқан тәртіп бойынша ел билеу үшін жаратылған» ақсүйектер тұқымынан шыға тұрса да, өз домбырасын жанындай сүйетін күйші, өз ортасынан ғана емес, өзге ортадан асыққан өнерпаз әріптестерімен де тіл табысып, шүйіркелесіп жүре береді екен.

Дәулеткерей де «Ақжелең» аттас күй шығарып, оны сол қызға арнапты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: