Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алқа мәжілісінің арқауы – архив ісі

22.02.2023, 16:55 293

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының алқа мәжілісін ашқан алқа төрағасы, басқарма басшысы Мира Қазбекова уақытты ұттырмай, іске көшті. Күн тәртібіне сәйкес алдымен мемлекеттік архивтердің негізгі бағыттары мен көрсеткіштерінің орындалу барысы және алдағы міндеттері туралы облыстық мемлекеттік архивінің басшысы Ж.Абзалиева баяндама жасады.

Мира Жомартқызының архив ісінде үлкен тәжірибесі бар. Баяндамашының сөзінен кейін басқарма басшысы саладағы салғырт жұмыстарды сын тезіне алды. Өйткені қордаланған мәселе көп, шешімді кешіктіруге болмайды. Олардың ішінде архив қорын сақтау, оның сыйымдылығы, бюджеттік өтінім беру, жеке тектік қор құжаттарын толықтыру, жаңарту, ақылы қызмет аясын кеңейту, Ұлттық архив қоры құжаттарын толықтыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен байланысты өзектендіру мәселелері бар.

– Биыл аймақтың 85 жылдық мерейтойы. Бұл – тарихты сақтайтын, тың деректер ұсынатын мекеме. Өңір тарихының танымын айқындайтын – архив. Бірақ құнды құжаттар табу негізі – өңіраралық байланыс жоқ, – деді басқарма басшысы.

Мұнан кейін «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйемен жұмыс бойынша облыстық мәдениет және спорт басқармасының бөлім басшысы Н.Әбілдаева баяндады.

– Жасыратыны жоқ, бұл жүйе өте езекті. Әрбір архив қызметкері ақпараттық жүйені еркін меңгеруі тиіс. Сол мақсатта наурыз айының екінші онкүндігінде семинар ұйымдастырылады. Жалпы, жүйе мен жоспарсыз нысаналы жұмыс нәтижесіз. Алдағы уақытта үш бағыттық – жеке тектік қор, ведомствоаралық архив жұмысы және құжаттарға қолжетімділікті қамтамасыз ету туралы жұмыс жоспарын ұсыну керек, – деді Мира Жомартқызы.

Алқа мәжілісінде аудандық архив филиалдарының басшылары өз ұсыныстарын білдіріп, материалдық-техникалық базаны жетілдіруді сұрады. Оны кезең-кезеңімен шешілетіні айтылды.

Басқарма басшысы алқа мәжілісінен туындағын мәселелерге байланысты өзінің орынбасарлары мен бөлім басшыларына тиісті тапсырмаларды берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: