Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әні әдемі Әлмырза

13.12.2022, 16:40 240

HALYQLINE.KZ Б.Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде әнші-композитор, «Құрмет» орденінің иегері, «ҚР еңбек сіңірген қызметкері» Әлмырза Ноғайбаевтың 75 жасқа толу мерейтойына орай Республикалық дәстүрлі әншілер фестивалі өтті. Фестивальді ашып беру құрметіне ие болған аудандық мәслихат хатшысы Тұрмағанбет Жағыпбаров Әлмырза Әліұлына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың арнайы құттықтауын табыстады.

Кеш барысында Әлмырза Әліұлы мен «Мәдениет майталманы» белгісінің игері Хайдар Өтеғалиевке шапан жабылып, лайықты құрмет көрсетілді.Айта кетейік, фестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен оннан астам дәстүрлі әншілер қатысып, Әлмырза ағамыздың әндері мен өзге де композиторлардың әндерінен шашу шашты. Мұнан бөлек, кеште Әлмырза ағамыздың өзі де ән шырқап, жиылған қауымның ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленді.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: