Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жолдың жайы жақсарып келеді

28.07.2023, 14:10 292

HALYQLINE.KZ

Жыл санап Қазалы ауданындағы жолдардың жағдайы жақсарып келеді. Оның ішінде Қазалы қаласындағы тұрғындар үшін жағымды жаңалықтар аз емес. Өйткені, биыл «Шағын және моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру» бағдарламасымен Қазалы қаласындағы 15 көше асфальтталады.

Аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған дейін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудандағы жүріп жатқан құрылыстардың барлығы тікелей өзінің бақылауында болатынын айтқан еді. Соған сәйкес бүгін Қазалы қаласына арнайы барып, Жәкеев, Жанұзақов-2 және Қазалы-2 көшелеріндегі жолдың құрылысымен танысты. Жауаптыларға бірінші кезекте жолдың сапасына қатты көңіл бөлу қажет екенін айтқан аудан басшысы тиянақты жұмыс істеп, уақытында аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев пен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтановқа жұмысты ұдайы назарда ұстауды жүктеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: