Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тереңөзекте 12 көше жөнделеді

02.06.2023, 8:30 121

HALYQLINE.KZ

Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының жүзеге асырылатын жобаларды әзірлеу барысында халыққа бірінші кезекте қажетті құрылыстарға басымдық беру тапсырмасына сәйкес, Сырдария ауданы көлемінде жолдарға асфальт жабындылары төселіп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Кеше аудан әкімі Б.Сәрменбаев, облыстық мәслихат депутаты Ж.Ембергенов, «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының атқарушы хатшысы Е.Жақып Тереңөзек кентінде және Шаған ауылындағы бірқатар көшедегі жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Алдымен кенттегі Қ.Бөдеев көшесінің жөндеу жұмыстарына барды. Жөндеу жұмыстарын «Айзон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Аудан әкімі мердігер мекемеге атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытылы жүргізілуін тапсырды.

Жалпы, биыл Тереңөзек кентінде 12 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Атап айтқанда, Қ.Бөдеев көшесі (2 км), Ә.Тоқмағанбетов көшесі (0,8 км), Ә.Тәжібаев көшесі (0,5 км), А.Алиакбаров көшесі (1,9 км), Айтбай арық көшесі (0,5 км), Д.Қонаев көшесі (1,3 км), Б.Момышұлы көшесінің 6 бөлігі, А.Тоқмағанбетов 2, 4, 5, 6, Б.Өтепов, С.Усабаев, Ә.Найзабаев, Т.Қозыбаев көшелеріне жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр.

Бұл жұмыстар Шаған ауылында да жасалуда. Аталған ауылдың А.Атақаев көшесіне бүгінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер – «Tech Service KZ» ЖШС.

Айта кету керек, 2023 жылы 34 жобаға 1 млрд теңге қаржы бөлініп, 27,6 шақырымға асфальт жабындылары төселіп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Биыл Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді ауылдарын қосатын «Қызылорда-Айдарлы-Тартоғай» автожолы 1,4 млрд теңгеге, «Шымкент-Самара-Тереңөзек» трассасына 687,0 млн теңгеге жөндеу жұмыстары атқарылуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: