Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық өнімдер 15 мемлекетке экспортталды

16.11.2021, 11:30 263

HALYQLINE.KZ Осы жылдың 1 тамызына облыстан 20,5 млн долларды құрайтын 61,0 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (күріш, балық өнімдері, бидай қалдығы және қамыс) экспортталып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 97,6 пайызды құрап отыр.

Өнімдер әлемнің 15 мемлекетіне экспортталды. Барлық экспортталған өнімнің 95,0 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы – күріш өнімі, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Әзірбайжан, Өзбекстан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Украина және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.

Есепті кезеңге 58,2 мың тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылмен салыстырғанда 106,8 пайызды құрап отыр. Сондай-ақ, облыстан Ресей, Польша, Литва, Нидерланды, Грузия Австрия, Украина және Германия мемлекеттеріне 1 780,1 тонна балық және Германия мен Нидерланды мемлекеттеріне 885,5 тонна қамыс жөнелтілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: