Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы қандай?

18.08.2022, 17:45 539

HALYQLINE.KZ 2022 жылдың қаңтар-шілде айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 582 млрд теңгенің өнімін өндірді. 2022 жылы индустрияландыру бағдарламасының үшінші бес жылдығы аясында жалпы құны 9 млрд теңгені құрайтын, 258 жұмыс орны құрылатын 5 жобаны іске асыру жоспарланған.

Олар: 1) «Бройлерлер өсіру және тауық етін қайта өңдеу бойынша құс фермасын іске қосу» («Абдулла»ШҚ). Жоба құны – 5,2 млрд теңге; Қуаттылығы – жылына 3500 тонна, жұмыс орны – 120 адам, жүзеге асырылу орны – Жаңақорған ауданы. Пайдалануға беру мерзімі 2022 жылдың желтоқсан айы.

2) «Жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы» («Қармақшы құс» АҚ). Жоба құны – 2,0 млрд теңге. Қуаттылығы – жылына 1500 тонна, жұмыс орнры – 60 адам, жүзеге асырылу орны – Қармақшы ауданы. Пайдалануға беру мерзімі 2022 жылдың желтоқсан айы.

3) «Балық өңдеу цехын салу» («Тұрған тамы» ШҚ). Жоба құны – 600 млн теңге; Қуаттылығы – жылына 324 тонна, жұмыс орны – 40 адам, жүзеге асырылу орны – Қармақшы ауданы. Пайдалануға беру мерзімі 2022 жылдың қараша айы.

4) «Ет өңдеу кешені» («Сыр Маржаны» ЖШС). Жоба құны – 1 млрд теңге. Қуаттылығы – жылына 5 мың тонна, жұмыс орны – 23 адам, жүзеге асыру орны – Қызылорда қаласы. Пайдалануға беру мерзімі 2022 жылдың желтоқсан айы.

5) «Бөлмеаралық және сыртқы есіктер өндірісі» («АдалКазСтрой» ЖШС). Жоба құны – 100 млн теңге. Жұмыс орны – 15 адам, жүзеге асыру орны – Қызылорда қаласы. Пайдалануға беру мерзімі 2022 жылдың қазанайы.

Есепті кезеңде өңір экономикасына 157,2 млрд теңге инвестиция салынды, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,5%-ға ұлғайған. 42,0 млрд теңгеге құрылыс жұмыстары орындалды, 2021 жылдың тиісті кезеңіне НКИ-106,1%-ды құрады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 42,6 млрд теңгені құрады немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңіне 101,4%.

Сиыр саны – 12,4 пайызға (236,5 мың бас), қой – 8,6 пайызға (711,7 мың бас), жылқы – 17,2 пайызға (208,9 мың бас), түйе – 7,1 пайызға (61,6 мың бас), құс – 2,8 пайызға (126,9 мың бас) өсті.

Тірілей салмақта мал және құс еті 20,6 мың тонна (101,8 пайыз), сүт өнімі – 50,2 мың тонна (101,4 пайыз), жұмыртқа – 4,2 млн.дана (103,1 пайыз) өндірілді.

2022 жылдың 2 тоқсанына жұмыссыздық деңгейі – 4,9% құрады. 2022 жылдың 1 тамызына 14156 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 3 954 тұрақты.

2022 жылдың 2 тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 291,1 мың теңгені құрады, яғни 2021 жылдың тиісті кезеңіне 131,3 пайыз.

Тұтыну бағаларының индексі 2022 жылдың шілдеайында 2021 жылдың желтоқсан айына қарағанда 111,4 пайызды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі 116,0 пайыз, азық-түлік емес тауарларға – 110,2 пайыз, ақылы қызметке – 106,0 пайыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: