Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қалада жыл басынан бері 20 жобаға қолдау көрсетілді

17.11.2026, 16:05 82

HALYQLINE.KZ

Бүгін Үкімет отырысынан кейін Қызылорда облысы әкімінің төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда «Отандық өндірісті дамыту мен қолдау шаралары» мәселесі қаралды. Бұл жиындағы міндеттер бойынша қала әкімдігінде шаһар басшысы Нұржан Ахатов тиісті сала жетекшілеріне бірқатар тапсырма жүктеді. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Жыл басынан бергі 10 айда өңдеу өнеркәсібі саласында 87,2 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 15,5 пайызға артқан. Қалада мемлекеттік бағдарламалар аясында жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары да өз нәтижесін беруде. Бүгінгі күнге жалпы құны 16,6 млрд теңгені құрайтын 299 жеке кәсіпкерліктің жобалары қаржыландырылды. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібін дамыту бағытында жеңілдетілген 6 және 3 пайызбен несие беру бағдарламасы аясында жыл басынан бері 563,8 млн теңгеге 20 жобаға қолдау көрсетілді.

— Жауапты сала жетекшілері отандық өндірушілерді дамыту мен қолдау шараларын бақылауға алып, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуі қажет. Ал, өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобаларды қаржыландыру жұмыстарын жандандырып, кәсіпкерлер арасында қолданыстағы мемлекеттік қолдау тетіктерін кеңінен түсіндірген жөн. Әрбір жоба сапалы болып, мерзімінде қаржы ұйымдарына ұсынылуы тиіс, — деді Нұржан Сәбитұлы.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бойынша баға тұрақтылығын қамтамасыз ету – басты міндет. Бұл бағыт бойынша қажетті шаралар атқарылуда. Жиында күн тәртібінен тыс бірнеше мәселе қаралып, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: