Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елімізге заңсыз кеткен 760 млрд теңгенің активі қайтарылды

12.05.2023, 12:02 306

HALYQLINE.KZ 12 мамырда Бас прокуратурада Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Оған бас прокурор Берік Асылов қатысты. Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, елімізден шетелге кеткен заңсыз активтер қайтарылуда.

Ведомство мәліметінше, бүгінде мемлекетке ортақ күш-жігермен 760 миллиард теңгеден аса сома активтері қайтарылған, оның ішінде шетелдік юрисдикциялардың сомасы – 575 миллион доллар.

Құқық қорғау органдары қылмыстық істер шеңберінде жалпы сомасы 620 миллиард теңге активтерін қайтаруды қамтамасыз еткен, оның ішінде шетелдік юрисдикциялардан 575 миллион доллар.

Берік Асылов бұл қаржының бір бөлігі бұрын Қайрат Сатыбалдыұлына тиесілі болғанын түсіндірді.

Басқа мемлекеттерге құқықтық көмек көрсету туралы 100-ден аса сұрау хат жолданғаны айтылды. Олар бойынша 100 миллион АҚШ долларынан асатын мүлікке тыйым салынған.

Берік Асылов активтер Лихтенштейн, Австрия, Біріккен Араб Әмірліктері және Гонконг сияқты елдерден қайтарылғанын айтты.

Қаржы министрлігі қаржы-өнеркәсіп топтарының (ҚӨТ) кәсіпорындарынан қосымша 100 миллиард теңгеден аса салық өндіріп алды.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі ҚӨТ компанияларына 7 миллиард теңгеге жуық айыппұл салды, ал БҚДА 4 миллиард теңгеге санкциялар қолданған.

Прокурорлардың шараларымен олигополия субъектілеріне бұрын негізсіз берілген немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын 460 мың гектардан аса жер қайтарылған.

Сондай-ақ нарықтық бағасынан 4 есе төмен бағамен сатып алынған Алматының көтерме сауда нарығындағы үлесі, олигополия субъектілерінің меншігінде заңсыз болған Алматы әуежайының 17 коммерциялық үй-жайлары мемлекетке қайтарылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: