Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елімізге автокөлікпен бидай кірмейді

11.04.2023, 11:23 264

Ауыл шаруашылығы министрі Қарашөкеевтің бұйрығымен  ҚР аумағына бидайды автомобиль көлігімен әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» бұйырығы  мен Энергетика министрінің  елімізден мұнайдың жекелеген түрлерін экспорттауға тыйым салу туралы бұйрығы күшіне енді .

«Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен тұқымдық бидайды қоспағанда, бидай импорттауға 6 айға тыйым салынсын. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін», – делінген Ауыл шаруашылығы министрінің бұйырығында.

Ал Энергетика министрлігі Қазақстаннан ЕАЭО-дан тыс жерлерге мына мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салды:

– жеңіл дистилляттар;

– авиакеросиндер және дизель отыны;

– газойлдар;

– толуол, ксилолдар;

– мұнай битумы

halyqline.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: