Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Цифрлық теңге шілде айында күшіне енеді

16.06.2026, 9:05 45

HALYQLINE.KZ

Қазақстанда цифрлық теңге шілде айында күшіне енеді. Бұл туралы еліміздің Қаржы вице-министрі айтты. Әсет Тұрысовтың сөзінше, цифрлық теңге ұлттық валютамыздың үшінші және жаңа нысаны ретінде ресми түрде бекітілген. Өткен жылы Ұлттық банкпен бірлесіп 20 пилоттық жоба іске қосылса, биыл цифрлық ақшамен жүзеге асырылатын 200-ге жуық жоба мақұлданып отыр.

«Цифрлық теңге тек мемлекеттік қаржыландыру саласында ғана жұмсалады әрі бюджеттік қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз етеді», — деді вице-министр.

Мәселен, сандық ақша инфрақұрылымдық жобаларға, мемлекеттік сатып алуларға, салықтық әкімшілендіруге, сондай-ақ несиелендіру мен субсидиялауға қолданылады. Бүгінгі күні айналымда 339 миллиард цифрлық теңге бар.

Фото: egemen.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: