Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Биыл 3 инвестициялық жоба іске қосылады

21.01.2022, 18:00

HALYQLINE.KZ

Биыл өнеркәсіп көлемінің өсуін 101 пайызға жеткізу басты меженің бірі болмақ. Сонымен қатар, аймақта бірнеше ірі инвестициялық жобалар іске қосылмақ. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев мәлімдеді.

«Олар – Арал ауданында «Дана кварц» серіктестігінің құрғақ құрылыс қоспалар өндірісі, Қармақшы ауданында «Тұрған тамы» шаруа қожалығының балық өңдеу цехы және «Қармақшы құс» серіктестігінің құс фабрикасы. Сонымен қатар, Қызылорда қаласындағы ет комбинаты, асфальт зауыты және шағын арматура зауыты, Жаңақорған ауданында құс фабрикасы, Қазалы ауданында балық қалдықтарынан ұн өндірісін өндіретін зауыттардың құрылысы өз жұмысын жалғастырмақ. Сондай-ақ, осы жылы Шалқия» кен орнында қорғасын-мырыш өңдеу комбинаты және кальциленген сода өндірістері құрылысы жүргізілмек», – деді Ринат Қалдыбекұлы.

Облыстағы индустриялық аймақтарда құны 136 млн теңгені құрайтын 4 жоба да іске қосылмақ. Олар: «Балық қалдығынан балық ұнын өндіру», «Жылыжай кешені», «Құрылыс бұйымдарын шығару», «Сүт және ет бағытында асыл тұқымды ешкі өсіру».

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: