Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аралда жаңа күн электр станциясының құрылысы жүргізілуде

03.09.2026, 15:45 56

HALYQLINE.KZ

Бүгін Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев «Plenitude Алхена» ЖШС-ның және «BI Indnstrial» компаниясының өкілдерімен кездесіп, Арал қаласында жүзеге асырылып жатқан қуаттылығы 30 МВт күн электр станциясының құрылыс барысын талқылады, деп жазады баспасөз қызметі.

Кездесуде «Plenitude Алхена» ЖШС-ның басқарушы директоры Пульезе Федерико, техникалық менеджері Мират Тоқамбаев, жоба үйлестірушісі Мерхат Жандарбеков, «BI Indnstrial» компаниясының жоба басшысы Олжас Абулгазин және «BI Indnstrial» компаниясының өндірістік учаске бастығы Эльдар Асқаров болды.

Жобаны «Альхена» ЖШС жүзеге асыруда. Инвестиция көлемі – 8,2 млрд теңге. Станцияны 2026 жылдың IV тоқсанында іске қосу жоспарланған. Жоба іске қосылғаннан кейін 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстарының 80 пайызға жуығы орындалған. Жоба аясында 7 665 трекер жүйесінің тіректерін орнату көзделсе, бүгінгі күнге дейін 3 762 тірек орнатылды. Станцияға барлығы 41 441 фотоэлектрлік панель орнатылаған. Монтаждау жұмыстарын қыркүйек айының екінші аптасында бастау көзделген.

Сонымен қатар, жоба бастамашылары өндірілетін электр энергиясын Қазақстанда 1992 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан италиялық халықаралық энергетикалық «Пленитуд Қазақстан» (Plenitude Kazakhstan) компаниясына сату жөніндегі келісімшарттарға қол қойған.

Арал өңірінің жаңартылатын энергетика саласындағы әлеуеті жоғары. Сондықтан бұл жоба – ауданның энергетикалық мүмкіндігін арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға, инвестиция тартуға және өңірдің экономикалық дамуына серпін беретін маңызды бастамалардың бірі.

Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы жобаның белгіленген мерзімде әрі сапалы жүзеге асырылуы басты назарда болатынын жеткізіп, жобаны одан әрі жүзеге асыруға ниетті инвесторларға қажетті қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: