Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақта әлеуметтік-экономикалық даму бойынша өсім бар

14.12.2023, 21:35 120

Биыл Қызылорда облысының экономикасында әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша оң өсім байқалды. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық статистика департаментінің басшысы Қайрат Әбсұлтанов хабарлады.

– Өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 102,1%, өңдеу өнеркәсібі – 128,9%, құрылыс жұмыстарының көлемі – 120,4%, негізгі капиталға салынған инвестиция – 118,4%, тұрғын үйлерді пайдалануға беру – 116,3%, көлік – 108,4%, сауда – 104,7%. 2023 жылғы 1 желтоқсанында 10736 заңды тұлға тіркелді. Оның ішінде 8755 бірлік субъекті жұмыс істеп тұр, – деді Қайрат Байғабылұлы.

Сонымен қатар, биылғы жылдың III тоқсанында жұмыссыздар саны 16,6 мың адамды құрады. Осылайша, жұмыссыздық деңгейі 4,8% құраған. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қызылорда облысында 2023 жылдың 3 тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 303675 теңге. Бұл көрсеткіш экономикалық қызметтің барлық түрлерімен айналысатын ірі, орта және шағын кәсіпорындардан алынды. Қазіргі таңда, еңбек ақының ең жоғары шамасы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу қызметі – 598754 теңге, ең төменгі ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметтер саласында 156094 теңге боп белгіленді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: