Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жолбарыс неге шұбар, керік неге теңбіл?

05.07.2020, 11:45 1080 0

HALYQLINE.KZ Әдетте аң-құстардың түсі аң аулаушылардан қорғану үшін аса маңызды. Екінші жағынан, өздерінің азық аулауы үшін де қажеттілігі зор екен. Егер аңшы болсақ, көздеген аңымыз жанымызда көрініп тұрса, ешнәрсеге қарамастан бас салар едік. Әрине, жақындай алатын батылдық болса.

Кәдімгі тарғыл жолбарыс қандай аңды болса да оңай ұстап жеп, тоқ жүреді. Өйткені оның терісі тарғыл. Биік бамбук ағашының жіп-жіңішке көлеңкесі ыстық жерге жолақ-жолақ болып түседі екен. Ол жолақтардың арасына күн нұры құйылып тұрады. Ондай жерде жасырынып жатқан жолбарысты ең қырағы деген көз де бірден шала алмайды. Күнде жүретін үйреншікті жолымен су ішуге бара жатқан саққұлақ бұғы да, өте сақ бөкен де жолындағы қауіпті байқай бермейді. Қасына таяп қалғанда жолбарыс оларды тарпа бас салып, өз азығына айналдырады. Қабыланның да жасырынуы жолбарыстан кем емес. Оның терісі сұрғылт-сарғыш, теңбіл қара болады. Ағаш басында немесе жерде жасырынып тұрған теңбіл аңды ешкім байқай алмасы анық. Үстіндегі қара дақ жапырақтың көлеңкесіне ұқсайды. Аңды бір жерде жасырынып, аңдып жатып немесе бұғып келіп аулайтын жыртқыштарға үстіндегі түрлі-түсті бояулары осылай көмектеседі. Ондай бояулардың аңдарды сақтап қалатын кездері бар. Мәселен, керік. Керіктер Африкада шөптері биік өскен жазықтарда, кішігірім тоғайлардың арасында ағаш жапырақтарын жеп қоректенеді. Күн нұрына малынған ағаш жапырақтарынан керікті айыру қиын. Есесіне, ол жан-жағына биіктен қарап, көз ұшындағыны көріп тұрады. Қауіпті сезсе болғаны, жүйтки жөнеледі. Жасырынып келген жыртқыштар оның тегеурінді тұяғынан таяқ жейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: