Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Таза су айдындары» акциясы аудандарда жалғасты

16.04.2024, 10:05 104

Қазалы, Шиелі, Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекмемелері, «Сырдария» өзені, «Ханқожа», «Надувной» көлінде «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясын өткізді.

Акцияның негізгі мақсаты – балық шаруашылығы су айдындарының жағалауларын, су айдындарын қолдануға тыйым салынған балық аулау құралдарынан, тұрмыстық қалдықтардан тазартып, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының қолайлы уылдырық шашуын қамтамасыз ету.

Акцияға 22 адам, 5 арнайы техника жұмылдырылды. Су астына тасталған құрама аулар шығарылды. 770 келіге жуық тұрмыстық қалдықтар жиналып, арнайы орынға жеткізілді. Акция 31 мамырға дейін жалғасады.

Фото: Қызылорда облысының табиғи ресурстар және

табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: