Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Табиғатты таза ұстау арқылы барлық тіршілік иесі қорғалады

19.05.2022, 17:20 903

HALYQLINE.KZ

Облыс аумағындағы су айдындары мен қоршаған ортаны қорғау аясында «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясы кең көлемде өткізілуде. Іс-шараға студент жастар мен еріктілер және қала тұрғындары белсене қатысуда. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған көшпелі брифингте Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Жанқожа Сапаров акция шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстарды баяндады.

Оның айтуынша, облыстағы 207 су айдынының 80 пайызына тазалық жұмыстары жүргізілмек. Осылайша «Таза су айдындары» акциясы күшейтілген түрде 31 мамырға дейін жалғасады.

– Акцияға жергілікті атқарушы органдар мен табиғат қорғау мекемелерінің қызметкерлері және оқу орындарының студенттері қатысуда. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты суға тасталған балық аулау құралдарынан және жағалау аумақтарын қоқыстардан тазарту арқылы табиғатты қорғау болып табылады. Осы ретте, облыс тұрғындарынан су жануарларының тіршілік ортасын ластамауға және акцияға белсенді қатысуға шақырамын, – деді Жанқожа Сапаров.

Қорқыт ата атындағы ҚУ студенті Динара Қуаныш – іс-шараға белсенді қатысушы студенттердің бірі. Табиғатты таза ұстау арқылы барлық тіршілік иесін қорғау парызымыз дейді ол.

– Біз топтастарымызбен бірге қала сыртына келіп, жағажай аумағын қоқыстардан тазартуға атсалысудамыз. Алда жаз мезгілі жақындап келеді. Демалыс орындары мен су айдындарын барынша таза ұстауға тырысайық, – деді студент Динара Қуаныш.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: