Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Табиғат пайдаланушыларға айыппұл салынды

29.09.2021, 9:50 425

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысы бойынша экология департаментімен ағымдағы жылдың 8 айында қоршаған ортаны қорғау саласында барлығы 29 субъектіге бақылау шаралары жүргізілсе, оның ішінде 13 профилактикалық бақылау және қадағалау, 16 жоспардан тыс тексеру шаралары ұйымдастырылды. Бұл туралы аталмыш департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Осындай бақылау шараларының нәтижесінде 84 экологиялық заңнама талаптарын бұзу фактісі анықталып, кемшіліктерді жою үшін тиісті нұсқамалар берілді.

Табиғат пайдаланушыларға 51,7 млн теңге көлемінде 41 әкімшілік құқықбұзушылық жөнінде істер қозғалып, айыппұлдар салынды.

ҚР Экологиялық кодексінің талаптарын өрескел бұза отырып шаруашылық қызметін жүзеге асырған заңды тұлғаларға байланысты сотқа талап-арыздар беріліп, сот шешімі негізінде кемшіліктерді жойғанша уақытша 8 объектінің қызметі тоқтатылды.

Мемлекеттік экологиялық бақылау барысында қоршаған ортаға келтірілген залалды өндіру бағытында табиғат пайдаланушыларға 351,9 млн теңге көлемінде 15 нұсқама беріліп, оның 18,8 млн тенге құрайтын 12 нұсқамасы мемлекет пайдасына өндірілді.

333,1 млн теңге құрайтын 3 залалды Департаментпен сотқа мәжбүрлеп өндіруге жолданып, оның 201,3 млн теңге құрайтын 1 залалы соттың шешімімен толықтай қанағатандырылды, қалған 2 залал соттың қарауында.

Геопортал жүйесі бойынша ғарыштық мониторинг арқылы космостық бейне-суреттерді зерделеумен Қызылорда қаласының 50 км-лік радиусы аумағында 105 рұқсатсыз қалдықтар орындары анықталып, Департаменттің жергілікті атқарушы органдармен бірлесе атқарған іс-шаралары нәтижесімен анықталған заңсыз қалдықтар орындарының барлығы жойылды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 12 шілдеде өткізілген кеңейтілген отырысында рұқсатсыз орналасқан қалдықтар орындары жөніндегі тапсырмасына сәйкес, облыс әкімі орынбасарымен ғарыштық мониторинг нәтижелері бойынша анықталған рұқсат етілмеген қалдық орындарын жою кестесі бекітілді.

Сондай-ақ бүгінгі таңда елді мекендер төңірегінде рұқсатсыз қоқыс төккендерді анықтау және бақылау шаралары күшейтіліп, жауапты мекемелердің қатысуымен 19 рейдтік іс-шара өткізілді.

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: