Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалыда 2500-дей тал егіліп, 14,5 тонна қоқыс шығарылды

25.04.2026, 19:30 56

HALYQLINE.KZ

Бүгін еліміз бойынша «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жаппай сенбілік жұмыстары жүргізіліп, тал егу акциялары ұйымдастырылды.

Елордадағы «Самал» саябағында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев экобелсенділермен бірге ағаш отырғызу іс-шарасына қатысты.

Экологиялық акцияға қазалылықтар да белсенді атсалысып, туған жердің тазалығына өз үлестерін қосты. Аудан орталығында ұйымдастырылған тазалық жұмыстары барысында Әйтеке би кентінің кіреберіс қақпасыннан басталатын жасыл белдеуге ағаш көшеттерін отырғызу, Әйтеке би кенті мен Басықара ауылының аралығындағы автожол бойын, 5-квартал аймағындағы Қарамайкөл аумағын, кенттің ішкі көшелерін тазалау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар кент ішіндегі аяқ су арықтарына су жіберу жұмыстары да қарқынды жүргізілуде.

Аталған жұмыстарды аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аралап көріп, тазалық акциясына мекеме-ұжым қызметкерлерімен бірге өз үлесін қосты. Аудан орталығының тазалығы бойынша кент әкімі мен жауапты орынбасарына бірқатар тапсырма берді.

Жалпы, бүгінгі аудан бойынша өткен сенбілік жұмыстарына барлығы 132 мекемеден 1 426 адам, 18 техника жұмылдырылды. 2500-ге жуық ағаш отырғызылып, полигондарға 14,5 тонна қоқыс шығарылды.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: