Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалы: сенбілікте арнайы полигонға 12,5 тонна қоқыс шығарылды

16.05.2026, 21:15 35

HALYQLINE.KZ

Бүгін Қазалы ауданы аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Сенбілік жұмыстары аудан орталығы мен аудан көлеміндегі барлық елді мекенде қарқынды жүргізілді. Аудан орталығында ұйымдастырылған сенбілік барысында Әйтеке би кентінің кіреберісіндегі «Жасыл белдеу» аумағында шөп шабу, талдарды әктеу жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар, Қ.Пірімов, Т.Бөріқұлақов көшелерінде және аудан орталығындағы Рәміздер алаңында санитарлық тазалық жұмыстары жасалды.

Әйтеке би кентінде өткен сенбілік барысын аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аралап көріп, кент әкімі мен тазалық жұмыстарына жауапты сала басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеп, елді мекендердің тазалығын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.

Сенбілік жұмыстарын аралау барысында теміржол вокзалы аумағындағы абаттандыру жұмыстарын да көріп, мердігерлерге жұмысты сапалы әрі қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды.

Жалпы бүгінгі сенбілікке аудан бойынша 138 мекемеден 1900 адам қатысып, 11 техника жұмылдырылды. Арнайы полигонға 12,5 тонна қоқыс шығарылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: