Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Комитет төрағасы Қазалы ауданына жұмыс сапарымен келді

03.09.2026, 17:05 34

HALYQLINE.KZ

Бүгінгі күні Сырдария өзені арқылы Қазалы ауданының аумағына 185 текше метр су келіп түсуде. Алдағы күндері «Шардара» су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына қарай секундына 250-300 текше метрге дейін су көлемі жіберіледі деп күтілуде. Қазір Ә.Тыныбаев атындағы су торабы арқылы «Ақсай» арнасына – 3, «Оң жаға» каналына – 7, «Сол жаға» каналына 10 текше метр секундына су жіберілуде.

Осыған сәйкес, бүгін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов пен Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы Зейнулла Қазтоғанов ауданға жұмыс сапарымен келді.

Жұмыс сапары барысында комитет төрағасы мен инспекция басшысы аудан әкімі Алмасбек Есмахановпен бірге Ә.Тыныбаев атындағы су торабына барып, Сырдария өзеніне келіп жатқан суды тиімді пайдалану, оны реттеу және ауыл шаруашылығы саласына бағыттау мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында комитет төрағасы Сейілбек Нұрымбетов өңірдегі барлық дарияаралық, шабындық каналдар мен көлдер жүйесіне суды жеткізіп, толықтыру қажеттігі жөнінде мәселелер талқыланды.

Су торабынан кейін ауданға жұмыс сапарымен келген делегация құрамын аудан басшысы Басықара ауылындағы «АралРыбторг» ЖШС-нің құны 650 млн теңге болатын тауарлы балық өсіру тоғанының жұмысымен таныстырды. Өткен жылдың қазан айында аталған шаруашылықтың балық өсіру тоғандарына 360 мың дана тұқым әкелініп салынған. Бүгінде шаруашылықта тоғандардан балық жинау жұмыстарына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Балық жинау жұмыстары қазан айында жүргізілмек.

«Арал Рыбторг» ЖШС-нің жетекшісі Қуаныш Өмірзақовтың айтуынша, қазан айында тоғандардан 500 тоннаға жуық тауарлы балық алу жоспарлап отыр. Негізгі мақсат – өсірілген балықтардан тауарлы балық шығару және оны халықтың игілігіне жарату.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: