Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көктемгі тазалық жұмыстары – көптің ісі

29.03.2021, 15:30 600

HALYQLINE.KZ  Бүгін Әйтеке би кентіндегі бірнеше мекеме, кәсіпорын ұжымы аудан орталығын күл-қоқыстан тазалауға белсене қатысты.

Сенбілік барысында 500-ге жуық адам Әйтеке би кентінің 5 квартал аймағындағы қорымдардың айналасында бей-берекетсіз шашылған қоқыстарды жинастырып, көшелер мен жолдарды тазалады. Туған жердің таза болуына үлес қосқан жандарға 3 техника көмекке келіп, жиналған қоқыстар арнайы орынға шығарылды.

Дәл осындай сенбіліктер Қазалы қаласы мен ауылдық округтерде де ұйымдастырылып, тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Айта кетейік, бұл сенбілік 7 наурыз бен 9 мамыр аралығындағы санитарлық тазалық айлығы аясында ұйымдастырылып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: