Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Еуразиядағы ең биік жанартау атқылап жатыр (Видео)

23.06.2023, 11:07 428

HALYQLINE.KZ

Ресейдегі Камчаткада Ключевская жанартауы атқылай бастады. Бұл туралы Жанартаутану және сейсмология институты хабарлады, деп хабарлайды «Информ бюро«.

«Жанартаудың жай ғана жарқырауы емес, стромболиялық типтегі ең жоғары жарылғыш атқылау тіркелді», – делінген институт хабарламасында. 

Ключевская жанартауының биікктігі – 4750 м. Ол соңғы рет 2020 жылғы қазанда атқылаған болатын. 
Жанартауға ең таяу орналасқан елді мекен – Усть-Камчатский ауданы, Ключи ауылы. Ол жанартау баурайында, кратерден 30 км қашықтықта орналасқан. Дегенмен институт мамандары жанартау атқылауынан елді мекендерге қауіп жоқ екеніне сендіріп отыр. 

Жанартаудың атқылауы екінші шың басынан көрінеді

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: