Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Арал табанында жаңа орман қалыптасып жатыр

25.05.2026, 13:00 57

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Арал теңізінің құрғаған табанында жүргізіліп жатқан фитомелиорациялық жұмыстар туралы мәлімет берді. Қазір құрғаған теңіз табанының жалпы аумағы шамамен 6 млн гектар болса, соның 2,8 млн гектары Қазақстан аумағына тиесілі.

Министрлік дерегінше, 2021-2025 жылдар аралығында орман-мелиорациялық жұмыстар 1 млн 117,5 мың гектар аумақты қамтыған. Тек 2026 жылы жасыл қор тағы 116 мың гектарға ұлғайды. Бағдарлама аясында 3440,9 тонна сексеуіл және галофит өсімдіктерінің тұқымы дайындалып, 53,2 млн сексеуіл көшеті өсіріліп, отырғызылған. Алдағы уақытта Арал орман шаруашылығы базасында аумағы 1,3 млн гектардан асатын «Арал орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты құрылуы мүмкін. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: