Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Абай облысындағы ірі өрт көрінісі ғарыштан көрсетілді

26.05.2023, 15:07 347

HALYQLINE.KZ

Ұлттық ғарыш орталығы Қазақстан мен Ресей шекарасындағы орман өртінің суреттерін жариялады.

Ғарыштан түсірілген суреттерден Абай облысындағы өртке оранған бүкіл аумақты көруге болады.

Әуе және жерүсті техникасын қолдана отырып, шұғыл қабылданған шаралардың, сондай-ак өртке қарсы бөлімшелердің тәулік бойғы жұмысының нәтижесінде Абай облысындағы табиғи өртті 25 мамыр күні кешке оқшаулауға мүмкіндік туды.

Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, өрт сөндіреге 10 тікұшақ жұмылдырылған.

Орман өртін сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінен-5, Қорғаныс министрлігінен-3, Экология және табиғи ресурстар министрлігінен-2, яғни барлығы 10 тікұшақ жұмылдырылды. Оның ішінде 2 тікұшақ аумақта аэровизуалды ұшуды жүргізген.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 800-ден астам адамы, 200-ден астам техника, 1 ҚТЖ өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған.

Ғарыштық мониторинг деректері бойынша 24 мамырдағы жағдай бойынша жанған аумақтың жалпы ауданы 3942,8 гектарды, Қазақстан Республикасының аумағындағы өрт аумағы 2915,9 гектарды құрайды.

Абай облысы Бородулиха ауданындағы өрт кезінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мамандары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Жедел штабымен тұрақты негізде жұмыс жүргізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: