Бүгін Астана қаласында «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты әскери парад өтті.
Ерлік пен елдік рухты ұлықтаған бұл маңызды іс-шара – батыр бабаларымыздың жауынгерлік ерлігіне деген құрметтің айқын көрінісі.
Парад елорда уақытымен 10:45- те басталды. Шара тікелей эфирде ел бойынша барлық LED-экрандарда, соның ішінде халық көп жиналатын теміржол вокзалдары мен әуежайлар сияқты орындарда көрсетілді. Сонымен қатар, республикалық телеарналар мен Ақорданың Facebook, YouTube, Telegram желілеріндегі ресми парақшаларынан да тікелей эфир арқылы таралуда.
Қызылорда қаласының орталық алаңы мен барлық аудан орталықтарында орнатылған LED-экрандар арқылы тұрғындар бұл тарихи сәтті тамашалады. Облыс орталығы ғана емес, аудан тұрғындары да парадты зор қызығушылықпен қарап, Жеңіс күнінің рухын бірге бөлісуде. Әскери техникалардың шеруі, сап түзеген жауынгерлер және көк жүзіндегі авиация көріністері көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Бұл – елдік пен ерлікті дәріптейтін, өткенге тағзым жасап, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын айрықша мереке.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!