Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жылу маусымына дайынбыз ба?

24.09.2020, 14:45 681

HALYQLINE.KZ Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жаңабаев Жылу маусымына дайындық жұмыстары, халықтың қатты отынмен (көмір) қамтылуы туралы баяндама жасады.

2020-2021 жылдардағы тіршілікті қамтамасыз етуші кәсіпорындар мен әлеуметтік сала нысандарының алдағы жылу беру маусымына дайындығы бекітілген кестелерге сәйкес жүргізілуде.

Бүгінгі күнге коммуналдық кәсіпорындардың жөндеу жұмыстары 89%-ға, әлеуметтік сала нысандары мен автономды қазандықтардың жөндеу жұмыстары 99%-ға орындалды, – деді Ерлан Жаңабаев.

Сонымен қатар, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған көпқабатты тұрғын үйлердің дайындығы 92% құраған. (Қызылорда қаласында – 711, Әйтеке би кентінде – 67 үй )

Облыс бойынша 1185 әлеуметтік сала нысандарына алдағы жылу беру маусымында 39,5 мың тонна қатты және 26 мың тонна сұйық отын, ал жергілікті тұрғындарға 163,6 мың тонна көмір отыны қажет.

Қазіргі таңда, тұрғындарға қажетті көмірдің 80,4 мың тонна көмір отыны жеткізілген. Қала және аудан тұрғындары үшін көмір бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында көмір өндіретін кәсіпорындармен тікелей келісім-шарт жасау бойынша жұмыстар атқарылуда.

Жалпы қысқа дайындық мәселелері облыстық штабтың тұрақты бақылауында.

Тұрғындар мен әлеуметтік нысандарға көмір отынын сақтап, өткізетін 30 көмір жинақтау қоймалары қалыптастырылған. Оның ішінде, Қызылорда қаласында – 5, аудандарда – 25.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: