Арал ауданына қарасты Аманөткел ауылында көп жылдан бері тұрғындарды алаңдатып келген басты мәселелердің бірі кешкі және қысқы уақыттарда электр қуатының әлсіз әрі тұрақсыз берілуі болатын, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Осы түйткілді мәселені шешу бағытында аудан әкімі мәселені назардан тыс қалдырмай, аудандық бюджет есебінен қаржы қарастырып, нақты жұмыстарды жүзеге асыруға ықпал жасады.
Жоба аясында жалпы құны 10,5 млн теңге болатын қаражат есебінен 52 тұрғын үйге жаңа электр желілері тартылып, ескі әрі тозығы жеткен ағаш электр бағаналары заманауи бетон бағаналарға толық ауыстырылды. Сонымен қатар әуе электр желілері жаңартылып, жүйе толықтай жаңғыртылды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауыл ішіндегі электр қуатының сапасы жақсарып, бұрынғыдай әлсіздік пен үзілістер мәселесі шешімін тапты.
Қазіргі уақытта тұрғын үйлерге электр энергиясы тұрақты әрі сапалы түрде берілуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!