Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңақорған: Өндірісті өңір өрісі

05.02.2024, 18:47 210

Жыл сайын аймақта өнім өндіретін өндіріс орындарының саны артқанын ақпараттандырып келеміз. Оның қатарында Жаңақорған ауданының да үлесі басым. Мұнда 2022 жылға қарағанда өткен жылы өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 124,2 пайызға артық орындалған. Яғни ауданның экономикалық дамуы жағынан 140 млрд теңге игерілді дегенді білдіреді. Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Тлеуімбетов аудан тұрғындарының әлеуметтік және экономикалық жағдайының жақсарғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында айтып, БАҚ өкілдеріне брифинг берді.

Өткен жылдың қорытындысы түгел баяндалған баспасөз мәслихатында ауданда атқарылған жұмыстың аз емес екенін білдік. Онымен қоймай, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2022 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 2023 жылы 105,4 пайызға артып, 60,5 млрд теңгені құраған.

  • Тұрғын үйлерді пайдалануғаберудің жалпы ауданы 58 265 шаршы метр болып, 2022 жылмен салыстарғанда 101,2 пайызды құрады. Бөлшек сауда көлемі 8,7 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 107,2  пайызға артты. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы көлемі 34,5 млрд теңгеге жетіп, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,7  пайызды құрап  отыр. Ал өндірілген мал өнімдерінің көлемі2024 жылдың 1 қаңтарына статистикалық мәлімет бойынша  ет 8 533 тонна (102,4%), сүт – 14 264 тонна (100,1%), жұмыртқа 2 млн 152 мың дана (101,3%) өндірілді, – деді Мұрат Жолкелдіұлы.

Ұсыныстарды зерделеу барысында  басым көпшілігі халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қажетті ауызсу, электр желілерінің тозуы, елді мекендерді газға қосу, елді мекендердің ішкі жолдарын асфальттау және аяқ сумен қамтылу деңгейінің төмендігі болды. Оны шешу мақсатында бірнеше шешім қабылданып, жобалар жасалған. Көтерілген мәселерді шешу бойынша нақты шаралар қабылданып, бюджеттер қаржы қаралған. Ол сандарды жыл бойы ақпараттандырдық. Жаңақорған ауданы әкімінің немесе оның қызметкерлері жайлы түрлі қаңқу сөз тарап, әлеужеліде желдей ескен еді. Әкімге сол сауалдарды қойып, жауабын беруді жөн көрдік. Желдей ескен әңгімеге де бір тоқтам керек. Анығы да – осы.

Бұған дейін бірнеше сайтқа жаңақорғандық тұрғын өз қаржысынан жедел жәрдем көлігін сыйлап, оны емхана еншісі тізіміне тіркей алмаған еді. Көлікті тіркеу үшін қызметкерлер 9 млн теңгеден аса БАЖ салығын төлейтінін айтқан. Демеушінің демеуі пайдаға аспай тұрған соң, өзін және сыйға тартқан көлікті видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желіге таратқан еді. Аудан әкімінен осы мәселенің жай-жапсарын сұрағанда, бүй деп пікір білдірді.

Бұл мәселе әлеуметтік желіге шыққан күннің ертеңіне маған баспасөз хатшым көрсетті. Мен Бағдат деген кісінің телефон нөмірін тауып, ол кісімен сөйлестім. Жаңақорған ауданы, Жаманбай батыр (бұрынғы Бесарық ауылы) ауылының тумасы екен. Ол жігіттің әлеуметтік желіде айтқаны былай: «Алып келген көлігіміз – құжаттар бойынша ауыр салмақтағы жүк таситын көлік. Сондықтан да біздің кедендік БАЖ салығымыз 9 миллион теңге болып кетіп отыр. Осыны жеңіл көлік деп алмастыруды, бағасын 3,5 миллион қылуды сұраймыз».

Енді қараңыз, құжат бойынша ауыр жүк көлігін «Жаңақорған ауданына демеушілік етіп отыр» деп біз заңды бұзып, жеңіл көлік деп жаздырып бере алмаймыз. Мұны мен өзіне де айттым, заң бойынша болмайды. Әлеуметтік желіге шықты екен деп заңбұзушылыққа ешкім бармайды. Бірақ, мен оған көмегім болсын деп барлық құжатын алдырдым. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті тауар айналымын ұлғайту және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру мекемесінен көмек сұрадық, құжаттарды жібердік. Одан өзге Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ысқақов та ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен «осы жағдайға байланысты қандай көмек болады?» деп сұрауда. Жалпы, қолымыздан келген көмекке дайынбыз. Алдағы уақытта бір адамға болса да осы жедел жәрдем көлігі көмектессе, біз оған қуанамыз, – деді ол.

Күзде әлеуметтік желіде Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Бақтияр Ахметовтың қол астындағы қызметкерлеріне боқтық сөз айтқаны туралы аудиожазба тараған. Осы ақпараттың рас немесе өтірік екеніне әкім жауап берді.

  • Бұл ешқандай дәлелденбеген. Қай жылы болғаны да белгісіз. Оны әлеужеліге шығарған адамның өзі аппарат басығы деген. Бірақ, ол еш жерде дәлелденген жоқ. Құжат бойынша дәлелденген болса, оған тиісті шаралар қабылданатын еді, – деді.

Бейресми ақпараттарға сәйкес, аудандағы Жастар орталығына көлік берілген. Бірақ оны Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының басшысы өзіне алып, қызмет бабына пайдаланып жатыр. Оның да анық-қанығын әкім баяндады.

  • Иә, ол әңгіме рас. Қызмет бабында көліктің қажеттігіне байланысты ол көлік аппарат басшысына берілді. Жастар орталығы өзіне қажет кезде оны алып, қалған уақытта аппарат басшысының пайдалануына келісімін берген, – деді әкім.

Аймақта атқарылған жұмыстың жайы – осы. «Сынға қалса да, сынбау керек» дегенге нақты мысалды осы ауданнан көрдік. Әлеуметтік желіде таралған небір қаңқу сөз, кейбір журналистің артық сыны, шектен тыс шекісу де болғанын білеміз, бірақ жұртшылықпен байланысы мен ашықтықты ұмытпаған әкім қашанда өз халқының алғысын алып жүре береді. Ауданның алға қойған міндеттерінің бірі – өндірісті арттыру, ел арасындағы жұмыссыздық мәселесін толық шешу. Бұл істің де ілкімді боларына сенім білдірдік.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: