Арал ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кең көлемді сенбілік жұмыстары бастау алды.
Тазалық шаралары аудан орталығы мен елді мекендерде ұйымдастырылып, қоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде қолға алынды.
Тазалық шарасы барысында қала аумағындағы қоқыс қалдықтары жиі тасталатын орындар тазартылып, көпшілік демалатын аймақтар, аллеялар, скверлер мен әлеуметтік нысандар маңында санитарлық жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, жол жиектері мен қоғамдық орындардың аумағы ретке келтіріліп, сырлау жұмыстары жүргізілді.
Экологиялық акцияға мекеме қызметкерлері, жастар ұйымдары, еріктілер мен аудан тұрғындары белсенді қатысып, туған жердің тазалығына бейжай қарамайтындарын көрсетті. Ортақ іске жұмылған көпшілік аудан тазалығын сақтау әр азаматтың міндеті екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Тазалық жұмыстары ертең де жалғасын тауып, аудан көлемінде қарқынды түрде жүргізілетін болады. Алдағы уақытта да қоршаған ортаны қорғау, тазалық мәдениетін қалыптастыру және туған өлкені көркейту бағытындағы шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылмақ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!