Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Сауаптан құр қалмайық» қоры баспана сыйлады

20.10.2021, 9:45 405

HALYQLINE.KZ Қазалыда қайырымды жандардың қолдауымен жалғызбасты ана баспанаға ие болды. Осылайша «Сауаптан құр қалмайық» қорының мейірімді жандары төрт бірдей бүлдіршін мен алтын құрсақты анаға шаттық сыйлады.

Жалғызбасты анаға тұрғын үйдің кілтін табыстау сәтіне аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы барып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті. Қайырымды жандармен бірге аудан басшысы жаңа баспанаға оң болсын айтты.

Аудан басшысы берекелі іске ұйытқы болып жүрген қайырымды азаматтарға алғысын айтып, көпке үлгі болып жүргендері үшін ризашылығын жеткізді.

Өз кезегінде үйлі болған көпбалалы ана, Абай ауылының тұрғыны Лаура Әмірова да қуанышын жасыра алмай, қайырымды жандарға шын көңілмен алғысын білдірді.

Айта кетейік, жүрегі ізгілікке толы жандар бұған дейін баспанасыз жүрген 2 азаматқа тұрғын үй сыйлаған. Одан бөлек, көптеген тұрмысы төмен отбасыларға да көмек қолын созған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: