Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысы әкімдігінің басшылық құрамы қостанайлықтарға бір күндік жалақысын аударды

06.09.2022, 14:45 280

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы әкімдігінің басшылық құрамы Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен азаматтарға бір күндік жалақысын аударды. Қаржы Төтенше Жағдай салдарын жоюға және тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін қалпына келтіруге жұмсалады.

«AMANAT» партиясының облыстық филиалы Қызылорда қаласында, 7 аудан мен Төретам кентінде 9 гуманитарлық көмек қабылдау пунктін ашып, күнделікті азаматтардан көмек қабылдауда.

Бүгінгі күнге 30 тоннадан астам заттар жинақталды. Қабылданып жатқан заттар: бұзылмайтын азық-түліктер, жылы киім-кешектер мен көрпе-төсектер, тұрмыстық техникалар мен жабдықтар, гигиеналық заттар, балалардың оқу құралдары мен канцеляриялық заттар, құрылыс материалдары.

Сыр елінің белсенді кәсіпкерлері де қаржылай көмек көрсететін болады. Облыс атынан гуманитарлық көмектің арнайы жүк көліктері Қостанай облысына бүгін, яғни 6 қыркүйек күні жолданады деп жоспарлануда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: