Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қосшыңырауда құрылыс қарқынды

21.04.2023, 9:00 235

HALYQLINE.KZ

Биыл Қызылорда қаласына қарасты елді мекендерде ауқымды жобалар жүзеге асуда. Соның бірі – Қосшыңырау ауылдық округінде атқарылатын ауқымды іс, яғни Абай және Досан елді мекендерін газдандыру жобасы. Оған республикалық бюджеттен 663,0 млн теңге қаржы қаралып, бүгінде құрылыс жұмыстары басталды. Құрылыс жұмыстарын жүргізуші «Ремстрой» мердігер мекемесімен 40,6 шақырым газ құбырының құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізіледі және осы жұмыстардың аясында 592 тұрғын үй «көгілдір отынмен» қамтылатын болады.

Бұдан бөлек, республикалық бюджеттен бөлінген 56,5 млн теңге қаржыға «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Досан ауылындағы 5 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда «Әлем Қызмет Груп» мердігер мекемесі №17, 15, 4а көшелеріне асфальт төсеу жұмыстарын бастап кетті.

Сонымен қатар, 3,8 млн теңгеге Досан ауылындағы №1 көшеге түнгі жарық бағаналары орнатылса, «Энергия Нұр» ЖШС мекемесімен Абай ауылындағы саябаққа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: