Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қайырымдылық – ізгі қасиет

06.04.2021, 18:00 440

HALYQLINE.KZ Қармақшы ауданы мәслихатының хатшысы Ә.Қошалақов және аудан әкімінің орынбасары Ж.Омаров Жосалы кентінде орналасқан «Дәметкен Ана» орталығындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту мен қайырымдылық бағытында жұмыс атқарып жатырған Түркия азаматы Кыса Мехмет пен Ерғалиұлы Ринатты арнайы қабылдады.

Бүгінгі таңда Кыса Мехмет пен Ерғалиұлы Ринат ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы протездік-ортопедиялық бұйымдар мен ілеспе оңалту заттарын сыйлады.

Сонымен бірге бірнеше күннен бері мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы қарап, медициналық оңалту қызметтерін тегін жүргізді.

Кездесуде аудандық мәслихаттың хатшысы мен аудан әкімінің орынбасары қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балаларға сапалы қызмет көрсету мен жайлы өмір сүруіне жағдай туғызудағы қызметтеріне сәттілік тілеп, арнайы аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.

Өз кезегінде сөз алған Ерғалиұлы Ринат мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау бағытында ұсыныстарын жеткізіп, ой-пікірлерімен бөлісті.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: