Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мүмкіндігі шектеулі жандар қажетті құралдармен қамтамасыз етіледі

13.09.2024, 10:50 122

Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қолдау және олардың өмір сүру сапасын арттыру – облыстық Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті облыс бойынша департаментінің басты бағыттарының бірі. Мүгедектігі бар адамдар бір мезгілде бөлме және серуендеуге арналған кресло-арбаның бір түрімен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы департамент басшысының орынбасары Тілеукүл Мырзахметова айтты.

– Мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация бөлімшелері, қалалық, аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері арқылы өтініш беру негізінде жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта мүгедектігі бар адамдарға арнаулы жүріп-тұру құралдарының, яғни кресло-арбалардың 8 түрі ұсынылады. Протездік-ортопедиялық, техникалық көмекші құралдарды, арнаулы жүріп-тұру құралдарын алған күннен бастап оларды ауыстыру мерзімдеріне сәйкес, бөлмеде жүріп-тұруға арналған кресло-арбалар 7 жыл, серуендеуге арналған кресло-арбалар 4 жыл, әмбебап кресло- арбалар 5 жыл, сырғытқы арбалар 5 жылдан ерте емес мерзімде ауыстырылады,- деді Тілеукүл Тәңірбергенқызы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: