Қызылорда қаласының әкімдігі мен жергілікті кәсіпкерлер арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылуда, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Акцияның негізгі мақсаты – жаңа оқу жылына дайындалып жатқан отбасыларға қолдау көрсету және мектеп формасы мен қажетті оқу құралдарын қолжетімді бағамен ұсыну.
Акция аясында қала аумағында мектеп формалары, кеңсе тауарлары және басқа да оқу құралдары төмендетілген бағамен сатылуда. Бұл бастамаға жергілікті кәсіпкерлер белсенді түрде атсалысуда.
Солардың бірі – «Татыран» компаниясы. Компания қаладағы әр аумақта акцияны белсенді жүргізіп, оқушыларға қажетті оқу құралдарын қолжетімді бағамен ұсынып келеді.
«Мектепке жол» акциясы әлеуметтік маңызы бар бастама ретінде жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде ата-аналарға қолдау көрсетіп, балалардың қажетті оқу құралдарымен қамтылуына мүмкіндік береді.
Қала әкімдігі жергілікті кәсіпкерлерге әлеуметтік жауапкершілік танытып, акцияға белсенді қатысып отырғаны үшін алғыс білдіреді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!