Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мәжіліс мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуға қатысты жаңа нормаларды мақұлдады

03.06.2026, 11:00 67

Мәжіліс әлеуметтік заңнаманы жетілдіруге арналған заңды екінші оқылымда қабылдады. Құжатта техникалық және кәсіптік білім беру, кәсіптік біліктілік жүйесі, көші-қон саясаты, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және инклюзивті білім беру салаларына қатысты бірқатар өзгеріс бар.

Заң жобасын екінші оқылымға дайындау кезінде депутаттар оның мазмұны бірнеше саланы қамтитынын ескеріп, құжаттың атауын өзгертуді ұсынды. Себебі енгізілген түзетулер тек білім беру немесе көші-қон мәселелерімен шектелмей, әлеуметтік-мәдени даму бағытын да қамтиды.

Құжатта халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған нормалар қарастырылған. Сонымен қатар елімізде медициналық газдарды қолдану тәртібі реттелмек. Осы мақсатта заңнамаға «медициналық газ» ұғымы енгізіліп, оны мемлекеттік тіркеуден өткізу және медициналық емес мақсатта пайдалануға тыйым салу талаптары бекітіледі.

Заңдағы тағы бір өзгеріс белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының қызметіне қатысты. Енді мұндай орталықтардың жұмыс тәртібі заңнамалық деңгейде айқындалады.

Бұдан бөлек, салымшының өтініші бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға беру жөніндегі нормалар да қарастырылған.

Әлеуметтік қорғау бағытындағы маңызды өзгерістердің бірі мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған квоталарға қатысты. Заңда жұмыс орындары квотасын белгілеу, оның орындалуын бақылау және бағалау тәртібі нақтыланды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: