Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Екі жаңа тұрғын үй пайдалануға беріледі

17.05.2025, 2:16 82

Көкшетауда 45 пәтерлі екі жаңа тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Бұл үйлер қала тұрғындары үшін ерекше сәулет үлгісінде салынған және қолайлы жоспарымен, заманауи жобалық шешімдерімен ерекшеленеді, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда үйлердің құрылысы толық аяқталып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жақын күндері жаңа пәтер кілттері иелеріне табысталады. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты.

«Integra» құрылыс компаниясының өкілі Дәурен Тлеубердиновтің айтуынша, бүгінде аумақты абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Апта соңына дейін асфальт төсеу жоспарланған. Аулада спорт және балалар алаңдары қарастырылған.

Айта кету керек, бұл көпқабатты тұрғын үй кешені төрт үйден тұрады. Екі тұрғын үйдің тұрғындары облыс әкіміне алғыстарын білдірді.

“Жаңа ойын алаңында күні бойы балалар ойнап жүреді. Аула көркейіп, жайлы әрі тартымды бола түсті”,- деді шағынаудан тұрғыны Сәкен Төкенов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: