Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады

11.12.2020, 9:30 253 0

HALYQLINE.KZ Кеше Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 мекемесі бастығының орынбасары, әділет майоры Қайрат Олжабаев Қызылорда денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық мамандырылған сәбилер үйіне» барды. Мекеме қызметкерлерінің қолдауымен, карантин талаптарын сақтай отырып, сәбилерге сыйлықтар тарту етті. Тапсырылған сыйлықтар балалардың ұсақ маторикасы мен сөйлеу қабілетін, логикасын дамыту мен алғаш қадам басқан бүлдіршіндерге жылдам жүруге және ойнауға арналған ойыншықтар болатын. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу кезеңінде, қызметкерлердің бойында патриоттық, адамгершілік қасиеттерін арттыра отырып, жетекшілік ететін және қамқорлыққа алынған балаларға көмек көрсету мақсатында болды.

– Қазіргі таңда Балалар үйінде 4 жасқа дейінгі 60 бала тұрады. Мұнда көбінесе ата-аналары бас тартқан немесе ата-ана құқықтарынан айрылған азаматтардың балалары тәрбиеленуде – деді, мекеменің ішкі аудит дәрігері Марат Қилыбайұлы.

Және ұжымы тарапынан, құқық қорғау қызметкерлерінің балаларға әкелген тарту сыйлықтарына разы болып, алғысын білдірді.

Мейірімге мұқтаж жандардың ішінен сәбилердің таңдадық. Олар – біздің болашағымыз, тәуелсіз еліміздің тірегі болар ұландар. Болашағымыз жарқын болсын десек, оларды мейірімге бөлеп, қамқорлық танытып тұруымыз керек. Әкелген сыйлықтарымыз бүлдіршіндердің көңіліне қуаныш сыйласа, мақсатқа қол жеткізгендігіміз деп білеміз. Біздің ЗК-169/1 мекеме қызметкерлері мұндай қайырымдылық акцияларын жалғастыра бермек, – деді әділет майоры Қ.Олжабаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: