Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Белкөлдіктер клуб ғимаратын жаңалауды сұрады

18.09.2023, 11:25 138

HALYQLINE.KZ

Белкөл кентінде де жарқын жобалар жүзеге асуда. Бұл елді мекенде жасалған игілікті іс теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі салынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 6 көшеге қиыршық тас төселіп, 2 көше күрделі жөндеу көрді. Жаяу жүргіншілер жолдары да жаңаланып, Бірқазандағы орталық көше асфальттанды.

Бүгін қала әкімімен кездесуде кент тұрғындары Дариха Бегалиева, Мұхамеджан Аблаев кент шетіндегі көшелерге жарық бағаналарын орнатуды сұрады. Мұнан бөлек, кент клубының орнына жаңа ғимарат қажет екендігін жеткізді. Қала әкімі өз кезегінде барлық ұсынысқа қатысты нақты шешімдер қабылданады деді.

Қала әкімінің тұрғындармен кездесуі одан әрі Қосшыңырау ауылдық округінде жалғасады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: