Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бағаны негізсіз көтергендерге шара көріледі

14.07.2022, 10:50 195

HALYQLINE.KZ Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру – күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Осыған сәйкес, қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейілов қаладағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларларының бағасын тұрақтандыру бойынша кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Аралау барысында кәсіпкерлік нысан иелеріне тауарларға бағаны негізсіз өсірген жағдайда «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 204-4 бабына сәйкес жауапкершілік қаралатындығы айтылып, ескертпе хаттар таратылды.

Айта кету керек, бөлшек саудадағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының шекті мәнінен 15 пайыздан асырмау жөнінде сала мамандарымен күнделікті мемлекеттік бақылау жасалынады.

Сонымен қатар, кәсіпкерлердің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсіргендігі жөнінде тұрғындар тарапынан дәлелдеме құжаттарымен бірге шағым түскен жағдайда жергілікті атқарушы орган арқылы тексеру жүргізілетін болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: